Әлем көлемінде коронавирустан 585 мың адам қайтыс болды

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 585 мыңнан, вирус жұқтырғандар саны 13 миллион 652 мыңнан асты.

1455900
Әлем көлемінде коронавирустан 585 мың адам қайтыс болды

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 585 мыңнан, вирус жұқтырғандар саны 13 миллион 652 мыңнан асты.  Сауығып кеткендердің саны болса 7 миллион 973 мыңнан асты. 

Індеттің Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 85 адам көз жұмды. Осылайша қайтыс болған адам саны 45 мың 53-ке көтерілді. Оқиға саны болса 538 жаңа жағдай тіркеліп,  291 мың  911 болды. 

Италияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 13 адам қайтыс болды, осылайша қайтыс болғандар саны 34 мың 967-ге жетті. Соңғы бір тәулікте 169 адам вирус жұқтырған.

Испанияда індет салдарынан соңғы бір тәулікте 4 адам көз жұмды, осылайша қайтыс болған адам саны 28 мың 413-ке ұласты. Оқиға саны соңғы бір тәулікте  390 адам тіркеліп, вирус жұқтарған адам саны 257 мың 494-ке жетті. 

Португалияда коронавирустан соңғы бір тәулікте 8 адам көз жұмды, осылайша қайтыс болған адам саны 1 мың 676-ға көтерілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар