Әлемде коронавирус

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны 581 мың 485-тен асты.

1455339
Әлемде коронавирус

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны 581 мың 485-тен, вирус жұқтыру оқиғасы 13 миллион 465 мыңнан асты.  Сауығып кеткендер саны  7 миллион 885 мыңға жетті. 

24 мың 327 адам қайтыс болған Үндістанда вирус жұқтырған адам саны 937 мың 844-ке жетті.  

Иранда ковид салдарынан 13 мың 211 адам қайтыс болды.  Вирусты 262 мың 173 адам жұқтырған. 

Иракта коронавирустан соңғы бір тәулікте 95 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 3 мың 345-ке жетті.  2 мың 022 жаңа вирус жұқтыру оқиғасы тіркелген елде вируспен танысқан адам саны 81 мың 757 болды. 

Африка құрлығында эпидемиядан қайтыс болғандардың саны соңғы бір тәулікте 219ға артты.  Барлық саны 13 мың 504ке жетті. Вирус жұқтырған адам саны 16 мың 176 артты.  Барлығы 614 мың 412-ге жетті.  Ең көп адам өлімі Оңтүстік Африкада тіркелді. Сол елде 4 мың 172 мың адам қайтыс болған. Мысырда 3 мың 935, Алжирде 1018 адам қйтыс болды.  Эритрея мен Угандада қазірге дейін өлім тіркелмеді.



Ұқсас жаңалықтар