Коронавирус көрсеткіштері

Сауығып кеткендердің саны болса 7 миллион 678 мыңнан асты.

1454442
Коронавирус көрсеткіштері

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 574 мыңнан, вирус жұқтырғандар саны 13 миллион 203 мыңнан асты.  Сауығып кеткендердің саны болса 7 миллион 678 мыңнан асты. 

138 мыңнан асқан адам өлімімен эпидемияның орталығы Америка Құрама Штаттарында вируспен күресте маска қолданудың республикашылдармен салыстырғанда демократтарда арасында екі есе артық екені анықталды.  Бір зерттеу компаниясы тарапынан жүргізілген сауалнамаға қарағанда,  демократтарға қолдау беретіндердің 94 пайызы сыртқа шығатын кезде әрқашан немесе көбіне маска қолданғандарын айтты.  Осы көрсеткіш республикашылдарда 46 пайыз. 

Италияда соңғы бір тәулікте коронавирустан 13 адам қайтыс болды, осылайша қайтыс болғандар саны 34 мың 967-ге жетті. Бір күнде 169 адам вирус жұқтырған. Сонымен қатар елде эпидемия барысында көп қиыншылық шеккен Ломбардия аймағында ковидтен қайтыс болғандардың жақындары құрған “Шағымданамыз” атты платформа бүгін Еуропа Комиссиясы төрайымы Урсула вон дер Ляйен және Еуропа Адам құқықтары соты төрағасы Роберт Рагнар Спаноға хат жолдады.  Олар Ломбардиядағы қылмыстық акттерге байланысты тергеулердің тексерілуін талап етті. 

Францияда соңғы үш күнде 25 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 30 мың 029-ға жетті.  Вирус жұқтырған адам саны бір күнде 288 болды.



Ұқсас жаңалықтар