Серрадж қолбасшылармен кездесті

Ливия армиясы "Ортақ Күш" атты жаңа бір қауіпсіздік бөлімше құруға шешім жасады.

1453969
Серрадж қолбасшылармен кездесті
serrac.jpg
libya ordu-asker.jpg

Ливия армиясы заңсыз қарулы күштерінің лидері Халифе Хафтерден құтқарылған аймақтарда қауіпсіздікті орнататын және қарулы топтардың әрекеттерін доғаратын "Ортақ Күш" атты жаңа бір қауіпсіздік бөлімше құруға шешім жасады. 

500  әскерден құралған жаңа қауіпсіздік бөлімшесінің жауапкершілік алаңдары "Ливияның батыс аймағында кіріп шығуды бақылау, көлік және қаруларды тексеру. Сонымен қатар заңға қарсы шыққан топтарды қадағалау". 

Осы барыста Ливия премьер-министрі Фаиз Серрадж әскери аймақта қолбасшылармен кездесті. 

Кездесуде мемлекеттегі әскери жағдай, Сирт және Джуфра аймағына бағытталған операциялар және құтқарылған аймақта қауіпсіздіктің орнатылуы сынды тақырыптар қолға алынды.  

Кездесуде сонымен қатар дос елдермен ортақ бағдарламалар аясында Ливия армиясының қорғаныс деңгейінің дамытылуы талқыланды.

Ливия армиясы Сирт, Джуфра әскери әуе базасы және осы маңдағы аймақтарды Хафтер сарбаздарынан құтқару үшін 6 маусымда "Жеңіс жолдары" атты жаңа бір операция бастағанын хабарлады.  



Ұқсас жаңалықтар