Нигериядағы шабуылдарда 22 адам қаза тапты

Нигерияның Кадуна уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 22 адам қаза тапты.

1454113
Нигериядағы шабуылдарда 22 адам қаза тапты

Нигерияның Кадуна уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда 22 адам қаза тапты. 

Ұлттық баспасөздегі хабарларға қарағанда Кадуна уәлаятында Зангон Катаф аймағына қарасты кейбір ауылдарға барған қарулы адамдар төңірекке оқ жаудырды. 

Шабуылда 22 адам қаза тапты және көптеген адам жарақат алды. 

Кадуна уәлаяты полиция басқармасының мәлімдемешісі Мұхаммед Джалиге шабуылда көптеген адамның алып қашырылғанын да айтты. 

Аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін түсіндірген Джалиге шабуыл салдарынан 24 сағаттық мерзіммен  көшеге шықпау режимінің жарияланғанын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар