Әлемде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 570 мыңнан асты.

1453852
Әлемде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 570 мыңнан,  оқиға саны 12 миллион 982 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны болса 7 миллион 560 мың. 

138 мыңға жақындаған өлім-жітіммен эпидемияның орталығы Америка Құрама Штаттарында Флоридада соңғы 24 сағатта 15 мың адамға вирус жұққаны анықталды. Кеше 45 адам қайтыс болған штатта 15 мың 229 адам коронавирус жұқтырған.  Екінші кезекте болса 11 мың 694 оқиғамен Калифорния штаты келеді. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда коронавирус салдарынан соңғы бір күнде 21 адам қайтыс болды.  Қайтыс болған адам саны 44 мың 819ға жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы бір күнде 650-ге артты. Вирус жұқтырған адам саны жалпы 289 мың 603 болды. 

Испанияда соңғы рет 10 шілде күні жарияланған деректерге қарағанда,  пандемиядан 28 мың 403 адам қайтыс болды.  Вирус жұқтырған адам саны 253 мың 908-ге жетті.  Денсаулық сақтау министрлігі Каталония автономдық аймаңында коронавирустан қазірге дейін 5 мың 675 адамның қайтыс болғанын білдірді.  Каталония үкіметі осы көрсеткіштің негізінде екі есе артық екенін алға тартуда. Аймақта вирус жұқтыру саны артқандықтан кей жерлерде карантин жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар