ЕО сыртқы істер министрлері бас қосты

Джозеф Боррель бірінші тақырыптың Латын Америка болатынын айтты.

1453970
ЕО сыртқы істер министрлері бас қосты

Еуропа Одағына мүше елдердің сыртқы істер министрлері жаңа типтегі коронавирус пандемиясы шараларынан кейін бірінші рет Брюссельде бас қосты. 

ЕО Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеф Боррель министрлер кеңесінен бұрын жасаған мәлімдемесінде бірінші тақырыптың Латын Америка болатынын, аймақта коронавирус себебімен басталған қиыншылықтар мен екі жақты қатынастардың талқыланатынын айтты. 

Түркиямен қарым-қатынастар да қаралатынын білдірген Боррель Африка мен Ливиядағы оқиғалардың да талқыланатынын айтты. Ол айырықша соңғы кезде қайтадан қозғалған Белград-Приштина диалог процесі жөнінде де министрлерге мәлімет беретінін білдірді. 

Боррель Гонконгтағы оқиғалардың да қолға алынатынын,  сыртқы істер министрлерінің қытай лауазым иелерінің қадамдарына уайымдағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар