"Аясофияның мешіт болғанына қуандық"

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Аясофияның мешіт ретінде ашылуына қуанғандарын айтты.

1454251
"Аясофияның мешіт болғанына қуандық"

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Аббас Мусеви Аясофияның мешіт ретінде ашылуына қуанғандарын айтты.

Мусеви Анадолы агенттігіне берген сұхбатында: «Түркия халқы мен мұсылмандарды қуантқан Аясофияның ғибадатқа ашылуы шешіміне де біз де қуандық» деді.

Кейбір елдерден келген наразылықтарға байланысты «Аясофияның жағдайына байланысты шешім – Түркияның ішкі мәселесі. Бұл – Түркияның ұлттық егемендігі шеңберінде қаралатын бір тақырып» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар