Сеулдің мэрі Пак Вон-Сунның мәйіті табылды

Оңтүстік Корея полициясы мәлімдеме жасады.

1452298
Сеулдің мэрі Пак Вон-Сунның мәйіті табылды

Отбасы Оңтүстік Корея полициясына хабарлаған Сеулдің мэрі Пак Вон-Сунның мәйіті табылды.

Йонхаб агенттігінің хабарына қарағанда полиция қаланың солтүстік аймағында Пактың мәйітін тапты.

Мәлімдемеде мэрдің өлім себебі және оқиғаның егжей-тегжейі жайлы ақпарат берілмеді.

Пактың қызы кеше жергілікті уақытпен сағат 17.17-де полицияға хабарлама жасап, әкесінің «4-5 сағат бұрын осиятқа ұқсас бір хабарлама тастап, үйден кеткенін және телефонын өшіргенін» білдірген еді.

Қала мэрі Пактың телефон сигналы ең соң анықталған Сунгбук аумағын тексерген полиция қызметкерлері дрон мен төбеттер қолданған іздестіру операциясын бастаған еді.

Пак 2011 жылдан бері Сеул қаласының мэрі болып қызмет атқаратын.



Ұқсас жаңалықтар