Нигерияда 19 әскер қаза тапты

Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған қарулы шабуылда 19 әскер қаза тапты.

1451979
Нигерияда 19 әскер қаза тапты

Нигерияның солтүстік шығысында террор ұйымы Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған қарулы шабуылда 19 әскер қаза тапты. 

Ұлттық баспасөздегі хабарларға қарағанда Боко Харам мүшелері Борно уәлаятының Маидугури-Дамбоа автожолында әскерлерге қарулы шабуыл жасады. 

Шабуылда 19 әскер қаза тапты және көптеген әскер жарақат алды. 

Нигерия Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джон Эненче кеше жасаған мәлімдемесінде Боко Харамға бағытталған операцияларда 17 террористтің залалсыздандырылғанын жариялаған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар