Мишель Аун АҚШ қолбасшысын қабылдады

Ливан президенті Мишель Аун АҚШ Орталық күштер (CENTCOM) қолбасшысы генерал Кеннет Маккензимен әскери ынтымақтастықты кеңесті.

1451596
Мишель Аун АҚШ қолбасшысын қабылдады

Ливан президенті Мишель Аун АҚШ Орталық күштер (CENTCOM) қолбасшысы генерал Кеннет Маккензимен әскери ынтымақтастықты кеңесті.

Президенттік сарайдан жасалған мәлімдемеге қарағанда Аун еліне  сапарлай келген қолбасшы Кеннет Маккензи және қасындағы делегацияны астана Бейруттағы Баадба Президенттік сарайда қабылдады. 

Кездесуде АҚШ пен Ливан армияларының теңіз флоты мен әскери білім беру саласындағы ынтымақтастығын мақтаған Аун екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың тереңдеуін үміт ететінін жеткізді.

Аун Ливан армиясының 2017 жылы Сирия шекарасы маңында террористік ұйым ДАИШ-қа қарсы ұйымдастырған операциясында АҚШ-тан қолдау алғанын ескертті. 

Кеннет Маккензи АҚШ-тың елінің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғанған Ливан армиясына қолдауын жалғастыратынын айтты.

Бейрутта жиналған Хизбуллахты қолдаушы бір топ АҚШ әскери делегациясының Ливанға сапарын протест етті.  



Ұқсас жаңалықтар