Украинадан Қырым татарларын тұтқындаған Ресейге наразылық

ФСБ Ақмешіттегі қырым татарларының үйлеріне таңертең басқын жасады.

1450910
Украинадан Қырым татарларын тұтқындаған Ресейге наразылық

Ресей заңсыз аннексиялаған Қырымда Ресей қауіпсіздік күштері бірнеше татардың үйіне басып кіріп, терроризммен айыптаумен көптеген адамды тергеуге алды.

Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Ақмешіттегі қырым татарларының үйлеріне таңертең басқын жасады.

ФСБ жасаған мәлімдемеде Қырымда террористік ұйымға мүшелікпен  айыпталған 7 адамның тұтқындалғанын хабарлады.

Украина Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде тергеулердің Ресейдің заңсыз аннексиялап алған Қырымда Украина азаматтарына жасаған қысымның жалғасы екендігі айтылды.

Украина және басқа демократиялық елдерде «қалыпты» деп қабылданған оқиғалардың Қырымда «лаңкестік әрекет» деп бағаланғаны білдірілген мәлімдемеде мұсылман татарлардың үйлерін тінтудің діни қудалаудың дәлелі екендігі атап өтілді.

Мәлімдемеде Ресей Федерациясы Қырымның байырғы халқына жасаған қысымдарын тоқтатуға, халықаралық-құқықтық міндеттемелерін орындауға шақырылды. Сондай-ақ халықаралық қоғамның Қырым халқының құқығы мен бостандығын қорғап, Ресейге қысымды арттыруы талап етілді.

ФСБ тұтқындаған Қырым татарларының Ресейдің террорлық заңы бойынша сотталатынын түсіндірген Украина Сыртқы істер министрі орынбасары Эмине Джеппар: «67 Қырым татары терроризм туралы заң бойынша сотталуда. Ресей барлық қырым татарларына террорист ретінде қарауға тырысуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар