Қытай БҰҰ Қару Саудасы келісіміне қатысады

Қытай аталмыш келісімге қатысқан 107-ші ел болады.

1450879
Қытай БҰҰ Қару Саудасы келісіміне қатысады

Қытай БҰҰ Қару Саудасы келісіміне қатысу үшін қажетті заңдық жұмыстардың аяқталғанын жариялады.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Сау Лижиен астана Пекинде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Қытайдың БҰҰ-ндағы тұрақты өкілі  Жанг Жүннің аталмыш келісімге қатысу үшін қажетті құжаттарды  БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке тапсырып бергенін білдірді.

"Бұл Қытайдың келісімге қатысу үшін барлық заңдық процедураларды тамамдағанын көрсетеді" деген Сау Лижиан келісімнің 6 шілдеден басталып,  90 күннен кейін Қытай үшін атқарыла бастайтынын атап көрсетті.

Қытай аталмыш келісімге қатысқан 107-ші ел болады.

Қару Саудасы келісіміне 2013 жылы БҰҰ-нда халықаралық  дәстүрлі қару сату және жөткеуді қалыпқа түсіру мақсатымен қол қойылған.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жылы сәуір айында елінің қол қойған келісімнен шегінгенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар