Ауғанстандағы шабуылда 10 полиция қаза тапты

Ауғанстанның Нангархар және Забул уәлаяттарында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 10 полиция қаза тапты.

1450929
Ауғанстандағы шабуылда 10 полиция қаза тапты

Ауғанстанның Нангархар және Забул уәлаяттарында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 10 полиция қаза тапты. 

Нангархар уәлаяты мәлімдемешісі Атауллах Ногяни Кузкунар ауданының орталығында бомба тиелген көлікпен шабуыл ұйымдастырылғанын айтты.

Ногяни шабуылда 4 полицияның қаза тапқанын және 11 адамның жарақат алғанын білдірді. 

Забул уәлаятының Шинкей ауданы әкімі Эмир Джан Алкозай да ауданда арт-артынан ұйымдастырылған екі бомбалы шабуылда 6 полицияның қаза тапқанын және 2 полицияның жарақат алғанын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар