Катар Израильді сынға тартты

Әл-Сани Орташығыста бейбітшіліктің кедергілерге ұшырау себебінің Израильдің халықаралық құқықты аяқ асты етуінен туынданғанын айтты.

1450361
Катар Израильді сынға тартты

Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман Әл-Сани Орташығыста бейбітшіліктің кедергілерге ұшырау себебінің Израильдің халықаралық құқықты аяқ асты етуінен туынданғанын айтты. 

Әл-Сани Ливия, Йемен және Сириядағы дағдарысты қолға алу үшін министрлер дейгейінде ұйымдастырылған "9-шы Қытай-Араб Ынтымақтастық Форумына" видеоконференция арқылы қатысты. Әл-Сани бұл жердегі сөзінде "Аймақтағы бейбітшілік процестің кедергілерге ұшырауының себебі Израильдің барлық халықаралық келіссөздерге бойсұнбауы" деді. 

Палестина мәселесінің әрқашан Қытай мен Араб әлемінің ортақ күн тәртібінде орын алғанын түсіндірген Әл-Сани бейбітшіліктің әлемнің болашағының және тұрақтылығының орнығуымен ғана болатынын білдірді. 

Халықаралық қарым-қатынастардың барлық  құқықтары ішінде ынтымақтастық, селбесу және бірге өмір сүру проинцибін қайтадан қалыптастыру керектігіне назар аударған Әл-Сани Йемен және Ливия дағдарыстарында да саяси шешімнің маңыздылығын түсіндірді. 

Қытай-Араб ынтымақтастық форумы 2004 жылы саясат, экономика, мәдениет және халықарылық қарым-қатынастарында ынтымақтастық жасау мақсатымен құрылған. 

 



Ұқсас жаңалықтар