Өлім-жітім әлем көлемінде 537 мың 179-дан асты

Жазылып кеткендер саны болса 6 миллион 538 мың.

1449574
Өлім-жітім әлем көлемінде 537 мың 179-дан асты
super covid19 hijyen2.jpg
super covid19 hijyen3.jpg
super koronavirus.jpg

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 537 мың 179-дан асты. Расталған оқиға саны 11 миллион 580 мың, жазылып кеткендер саны 6 миллион 547 мың болды.

АҚШ-та қазірге дейін қайтыс болғандар саны 132 мың 571-ге жетті. Елде жалпы оқиға саны 2 миллион 983 мың 155-ге ұласты.

Бразилияда  Сovid-19 салдарынан соңғы 1 тәулікте 602 адам қайтыс болып, жалпы көз жұмған адам саны 64 мың 900, оқиға саны 26 мың 51 көбейіп, 1 миллион 604 мың 585-ке жетті.

Мексикада вирустан соңғы 24 сағатта көз жұмған 273 адамды қосқанда, өлім-жітім 30 мың 639-ға, вирус жұқтырғандар саны 4 мың 683-ке көбейіп, 256 мың 848 болды.

Вирустың Еуропадағы орталығына айналған Ұлыбританияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 22 адаммен қайтыс болғандар саны 44 мың 220-ға, оқиға саны болса 516 артып,  285 мың 416-ға жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан өлім-жітім 34 мың 854, оқиға саны 241 мың 419.

Францияда көз жұмғандар саны 29 мың 893, жалпы оқиға саны 166 мың 960-ға жетті.

Испанияда қазірге дейін өлім-жітім 28 мың 385, вирус жұқтырғандар саны болды.



Ұқсас жаңалықтар