Шығыс елдерінде коронавирус

Әлем көлемінде жазылып кеткендер саны 6 миллион 416 мың болды.

1449045
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 531 мыңнан асты. Расталған оқиға саны 11 миллион 310 мың, жазылып кеткендер саны 6 миллион 416 мың болды.

Қазірге дейін 4 адам қайтыс болған Солтүстік Кипр Түрік Республикасында  соңғы 24 сағатта 1 адамды қосқанда жаңа тип коронавирус оқиғасы 113 болып тіркелді.

Әзербайжанда Сovid-19 салдарынан көз жұмған адам саны 6-ға көбейіп, өлім-жітім 241-ге жетті.

Молдовада соңғы 1 тәулікте Covid-19-дан қайтыс болған 8 адамды қосқанда, көз жұмғандар саны 418 болды. Вирусты жұқтырғандар саны 273-ге көбейіп, 63 мың 270-ке жетті.

Өзбекстанда вирус салдарынан көз жұмған  саны 1-ге көбейіп қайтыс болған адам саны 30 болды, жаңа оқиға саны 111-ге көбейіп, 9 мың 611-ге ұласты.



Ұқсас жаңалықтар