Еуроодақ Түркияның мүшелігіне мән береді

Жозеп Боррель 6-7 шілде күндері Түркияға сапарлай келеді.

1448527
Еуроодақ Түркияның мүшелігіне мән береді

Еуропа Одағы комиссиясының мәлімдемешісі Питер Стано Түркиямен қарым-қатынастарға мән бергендерін білдіріп, Түркияның Еуроодаққа мүшелік келіссөздерін жалғастырғанын, НАТО одақтасы екенін және байланыстардың осы ерекшеліктерді бейнелеуі керектігін айтты.

Питер Стано Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік жоғары өкілі Жозеп Боррельдің 6-7 шілде күндері Түркияға сапарына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Мәлімдемеші Боррельдің дүйсенбі күні Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездесетінін, сапарға байланысты басқа тақырыптарды кейін жариялайтынын білдірді. 

Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастары, мүше елдермен арадағы мәселелер қаралатынын айтқан Питер Стано проблемалардың диалог арқылы оңай шешілетіне меңзеді.

Питер Стано:

"Түркия Еуроодаққа ұміткер ел және НАТО одақтасы. Қарым-қатынастарымыздың  осы ерекшеліктерді бейнелеуі қажет" деді.

13 шілдеде ұйымдастырылатын Сыртқы байланыстар кеңесінде Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастары толық қолға алынатыны атап көрсетілді.   



Ұқсас жаңалықтар