Коронавируста соңғы жағдай

Жазылып кеткендер саны 6 миллион 164 мың болды.

1447945
Коронавируста соңғы жағдай
super covid19 abd
super covid19 7.jpg
super covid19 9.jpg
koronavirus hindistan super manset.jpg

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 524 мыңнан асты. Расталған оқиға саны 11 миллион, жазылып кеткендер саны 6 миллион 164 мың болды.

131 мың адам қайтыс болған АҚШ-та 2 миллион 837 мың адам вирус жұқтырды.

Вирустың Еуропадағы орталығына айналған Ұлыбританияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 89 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 43 мың 995, оқиға саны болса 283 мың 757-ге жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан көз жұмған адам саны соңғы 24 сағатта 30-ға көбейіп, өлім-жітім 34 мың 818, оқиға саны 195-ке азайып, 15 мың 60-ға шегерілді. Соңғы 1 тәулікте 207 жаңа оқиға тіркелді.

Францияда соңғы 1 тәулікте Covid-19-дан қайтыс болған 14 адамды қосқанда, көз жұмғандар саны 29 мың 875 болды. Вирусты жұқтырғандар саны 569-ға көбейіп, 202 мың 875-ке жетті.

Швейцарияда вирус салдарынан қайтыс болғандар саны мың 965, жаңа оқиға саны 31 мың 967 болды.

Бразилияда  Сovid-19 салдарынан көз жұмған адам саны соңғы 24 сағатта 38-ге көбейді. Денсаулық сақтау министрлігі көрсеткіштеріне қарағанда ел көлемінде өлім-жітім 60 мың 713, оқиға саны 46 мың 712-ге көбейіп, 1 миллион 453 мың 369-дан асты.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі эпидемия себепті соңғы 1 аптада 19 адамның көз жұмғанын, қазірге дейін өлім-жітімнің 28 мың 363-ке көтерілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар