Ауғанстандағы шабуылда 1 адам қаза тапты

Мезар-и Шериф қаласында арт-артынан ұйымдастырылған екі бомбалы шабуылда 1 адам қаза тапты.

1447695
Ауғанстандағы шабуылда 1 адам қаза тапты

Ауғанстанның солтүстігіндегі Белх уәлаятының орталығы Мезар-и Шериф қаласында арт-артынан ұйымдастырылған екі бомбалы шабуылда 1 адам қаза тапты. 

Белх қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Адылшах Адыл баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Мезар-и Шерифтің Дашти Шор көшесі шетіне төселген екі бомбаның жарылғанын айтты. 

Адыл шабуылдарда 1 адамның қаза тапқанын және 5 полиция мен 4 кісінің жарақат алғанын білдірді. 

Шабуылдарды мойнына алған ешкім  болмады. 

 



Ұқсас жаңалықтар