Путин 2036 жылға дейін президент бола алады

Ресей президенті Владимир Путинге  2036 жылға дейін президент болу жолын ашатын Атазаң өзгерісі үшін дауыс беру жұмыстары аяқталды.

1447615
Путин 2036 жылға дейін президент бола алады

Ресей президенті Владимир Путинге  2036 жылға дейін президент болу жолын ашатын Атазаң өзгерісі үшін дауыс беру жұмыстары аяқталды. Бейресми қорытынды бойынша  халықтың 77,92 пайызы Атазаң өзгерісін қолдады.   

Ресей Орталық сайлау комиссиясы Атазаң өзгерісін қамтыған дауыс беру жұмыстарын тамамдады. Дауыстың 100 пайызы саналды. 

Орталық Сайлау комиссиясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда мөлшермен 110 миллион 500 мың тіркеулі сайлаушы бар елде сайлауға қатысудың 65 пайызбен аяқталғаны білдірілді.

Нақтылы болмаған нәтижелерге қарағанда азатаң өзгерісін азаматтардың 77,92 пайызы мақұлдаса, 21,27 пайызы реттеуге қарсы шықты. 

Осы нәтиже бойынша Путин бұрынғы екі рет президент болған кезеңдері есептелмей, атазаңға орай үшінші рет қайтадан президент бола алады. 2024 жылғы сайлауда кандидат болуына мүмкіндік беретін осы өзгеріс арқылы оның  2036 жылға дейін президент болып қалуы мүмкін.

Оппозиция дауыстың заңға негізделмегенін білдіріп, аталмыш өзгерістің 67 жасындағы Путиннің "мәңгі президенті" болуына мүмкіндік жасалғанын алға тартуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар