Путин азаматтарын дауыс беруге шақырды

Ресей президенті Владимир Путин халықты 2036 жылға дейін президент болу жолын ашатын Атазаң өзгерісі үшін дауыс беруге шақырды.

1446448
Путин азаматтарын дауыс беруге шақырды

Ресей президенті Владимир Путин халықты 2036 жылға дейін президент болу жолын ашатын Атазаң өзгерісі үшін дауыс беруге шақырды.

Путин 1 шілдеде аяқталатын дауыс беруге байланысты ұлтқа үн қатты.

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті сақтық шаралары аясында дауыс беру процесінің 25 маусымда басталғанын ескерткен Путин бұл қадамның азаматтардың денсаулығын қорғауды мақсат еткенін айтты.

"Жаңаланған Атазаң мәтіні және ұсыныс етілген өзгерістер халықтың мақұлдауымен атқарылады" деген Путин халықты дауыс беруге қатысуға шақырды.

Орталық Сайлау комиссиясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда мөлшермен 110 миллион 500 мың тіркеулі сайлаушы бар елде сайлауға қатысудың 45.7 пайызбен жалғасқаны білдірілді.

Астана Мәскеу мен Нижегород аймақтарында рұқсат берілген электронды дауыс беруге қатысу мөлшері 90 пайызға жеткен.

Ресей Қоғамдық зерттеу орталығының сандық сауалнамасына қарағанда  азаматтардың 76 пайызы Атазаң өзгерісін қабылдаған, 24 пайыз халық бұған қарсы шыққан.     



Ұқсас жаңалықтар