Өлім-жітім әлем көлемінде 515 мыңнан асты

Жазылып кеткендер саны болса 5 миллион 836 мың болды.

1446485
Өлім-жітім әлем көлемінде 515 мыңнан асты
super covid19 2.jpg
super covid19
super foto kanada korona.jpg

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 515 мыңнан асты. Расталған оқиға саны 10 миллион 631 мың, жазылып кеткендер саны болса 5 миллион 836 мың болды.

Вирустың Еуропадағы орталығына айналған Ұлыбританияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болған 155 адамды қосқанда,  саны 43 мың 730, оқиға саны болса 689 артып, 312 мың 654-ке жетті.

Италияда Сovid-19 салдарынан көз жұмған адам саны соңғы 24 сағатта 23-ке көбейіп, өлім-жітім 34 мың 767, оқиға саны 933-ке азайып, 15 мың 563-ке шегерілді. Соңғы 1 тәулікте 142 жаңа оқиға тіркелді.

Францияда соңғы 1 тәулікте Covid-19-дан қайтыс болған 30 адамды қосқанда, көз жұмғандар саны 29 мың 843 болды. Вирусты жұқтырғандар саны 541-ге көбейіп, 201 мың 152-ге жетті.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі эпидемия себепті соңғы 1 аптада 20 адамның көз жұмғанын, қазірге дейін өлім-жітімнің 28 мың 355-ке көтерілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар