The Independent  Францияны сынға алды

«Францияның Ливияда Хафтарға қолдауы жаман қарсы алына бастады».

1445761
The Independent  Францияны сынға алды

Орталығы Ұлыбританиядағы The Independent газетінде «Францияның Ливияда Хафтарға қолдауы жаман қарсы алына бастады» тақырыпты бір мақала жазылды.

Борзоу Дарагахи қалам тартқан мақалада Францияда бірнеше жылдан бері қолдау берген және ілгерілеуінде маңызды рөл ойнаған Хафтардың Ливияның батысында үлкен жеңіліске ұшыраған соң жағдайдың мүлде өзгергені атап көрсетілді.

Мақалада Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) сеніп Хафтарға қолдау берген Францияның оның жеңілісінің артынан қазір жалғыз қалғанына, саяси және дипломатиялық қолдауының пайдасын көрмегеніне назар аударды.

Франция президенті Эммануэль Макронның Түркияға бағытталған негізсіз айыптауларына назар аударған мақалада «Француз лауазымдылар Ливия саясаттарын заңды көрсету үшін Түркияны айыптап өздерін күлкілі қылуда» делінді.

Мақалада Ливия тақырыбы маманы бір кеңесшінің «Францияның Хафтарға ұзақ уақыттан бері қолдау беруі соншама қазір қалай кері қадам басатынын білмей отыр. Қателіктерін мойындаудың орнына барлық мәселелер үшін Түркияны айыптауы одан оңай көрінеді» деп бағалағаны жазылған.



Ұқсас жаңалықтар