БҰҰ-да 33 жылдан кейін сомалилік бір дипломат міндет атқарады

БҰҰ Жалпы Кеңесі 75-ші кезекті төрағалығының орынбасарлығына 33 жылдан кейін алғаш рет сомалилік бір дипломат сайлайды.

1446116
БҰҰ-да 33 жылдан кейін сомалилік бір дипломат міндет атқарады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі 75-ші кезекті төрағалығының орынбасарлығына 33 жылдан кейін алғаш рет сомалилік бір дипломат сайлайды. 

Сомалидің БҰҰ тұрақты өкілі және  елші Абукар Осман Бале мемлекетінің тарихында төртінші мәрте осы міндетке тағайындалған тұлға болды. 

Елші Бале твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде 178 елдің қолдауына ие болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі 75-ші кезекті төрағалығына сайланған  Волкан Бозкырмен жұмыс істеуді сабырсыздықпен күткенін білдіріп, "Осы арқылы бауырлас Түркия және түрік халқын да құттықтағым келеді" деген сөздер қолданды. 

Елші Баленің Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі 75-ші кезекті төрағалығының орынбасарлығына сайлануы Сомалидің тұрақтылығы мен даму талпынысы үшін бір дипломатиялық қадам ретінде қаралуда. 

Сомалилік дипломаттар бұдан бұрын  Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі төрағалығының орынбасарлығына 1963, 1979 және 1986 жылдарында сайланған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар