Терхуне уәлаятында тағы 9 мәйіт табылды

Ливияның Терхуне уәлаятындағы топтық мазарлардағы қазба жұмыстары нәтижесінде бүгін тағы 9 мәйіт табылды.

1445317
Терхуне уәлаятында тағы 9 мәйіт табылды

Ливияның Терхуне уәлаятындағы топтық мазарлардағы қазба жұмыстары нәтижесінде бүгін тағы 9 мәйіт табылды. 

Құндылықтарды іздеу және анықтау басқармасы төрағасы Кемал эс-Сиви жасаған жазбаша мәлімдемесінде Терхунедегі топтық мазар қазба жұмыстары нәтижесінде тағы 9 мәйіттің табылғанын, сондай-ақ қаладағы қазба жұмыстарында жалпы мәйіт санының 19-ға шыққанын хабарлады. 

Ливия армиясы Хафтерге қарасты сарбаздармен соғысуда жеңіске қол жеткізудің нәтижесінде 2020 жылы 5 маусымда Терхуне уәлаятын қайтарып алған еді. 

Ливия армиясы Триполидің оңтүстігіндегі Терхунені Хафтер сарбаздарынан құтқарған күні қаладағы орталық ауруханасында 106 және ауруханаға тән бір контейнерде 26 мәйіттің болғанын мәлімдеген болатын.

Осыған орай Ливия премьер-министрі Фаиз Сарадж Голландияның Лаос қаласында болған Халықаралық жаза сотына Хафтер сарбаздарының қылмыстарын тексеру үшін бір топ жіберуді талап еткен еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар