Коронавирус үшін 31,3 миллиард доллар қажет

Коронавируспен күрес коалициясы сынама,  ем және вакцина үшін 31,3 миллиард доллар қажет екенін білдірді.

1444162
Коронавирус үшін 31,3 миллиард доллар қажет

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы басшылығындағы коронавируспен күрес коалициясы келесі 12 ай ішінде сынама,  ем және вакцина үшін 31,3 миллиард доллар қажет екенін білдірді.

Бас директор Др. Тедрос Адханом Гебрейесус та қатысқан видео конференция әдісімен өткізілген жиналыста сөз сөйлеген "ACT-Accelerator" бағдарламасы арнайы өкілі Нгози Оконио-Ивеала “Төмен және орта табысты елдерде диагноз және ем үшін он екі айдан көп уақытқа,  вакцина үшін 18 айға қаражат керек” деді. 

Бүкіләлемдік банктің бұрынғы төраға орынбасары болған Оконио-Ивеала коалицияның вируспен күрес шеңберінде келесі 12 ішінде сынама,  ем және вакцина үшін 31,3 миллиард доллар қажеттілігі бар екенін,  бұған қарамастан қазірге дейін тек 3,4 миллиард доллар жинағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар