Африндегі бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты

Африн аудан орталығында жасалған бомбалы шабуылында 5 бейбіт адам жарақат алды.

1442443
Африндегі бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты

Зәйтүн бұтағы операциясымен террордан тазаланған Сирияның солтүстігіндегі Африн аудан орталығында жасалған бомбалы террор шабуылында 2 бейбіт адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды.

Шабуыл бір мотоциклға тиелген бомбамен жасалды.

Қауіпсіздік ақпарат көздері террордан тазаланған аймақтарда бомбалы шабуылдардың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалғанын, дегенмен ұйымның бейбіт халықты нысанаға алғаны себепті мұны мойындамағанын білдіруде.

Африн аудан орталығында 20 маусым күні бір көлікке тиелген бомбаның жарылуы салдарынан араларында балалар да бар 4 бейбіт адам жарақат алған болатын.

YPG/PKK-лық террористтер Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы 22 қазан күні жасалған келісім бойынша шегінуге тиісті Тель-Рыфат ауданынан Баб, Әзез, Джераблус және Африн аймақтарын нысанаға алып, террор шабуылдарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар