Киркук қаласы Араб Мәжілісі PKK-ға наразылық көрсетті

Мәжіліс PKK-ның кейбір аудан мен көпірлерге байрағын ілуіне наразылық көрсетті.

1441115
Киркук қаласы Араб Мәжілісі PKK-ға наразылық көрсетті

Ирактың Киркук қаласындағы Араб Мәжілісі бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның кейбір аудан мен көпірлерге байрағын ілуіне наразылық көрсетті.

Киркук Араб Мәжілісі жариялаған мәлімдемеде террор ұйымы PKK-ның қалада байрағын ілген кезде Ирак байрағын жыртуының елдің егемендігіне қарсы қорлық екені білдірілді.

Мәлімдемеде бұндай халықаралық террор ұйымдарының Иракта болмысын жалғастыруына рұқсат берілмеу керектігіне назар аударды.

Қауіпсіздік күштерінің бұндай террор ұйымдарының қаладағы болмысына қарсы қозғалмауының уайымдарды арттырғаны баса айтылған мәлімдемеде Киркуктің қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзатын ешбір топқа рұқсат берілмеу керектігі атап көрсетілді.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK 19 маусым күні Ирактың Киркук қаласындағы кейбір көпірлерде байрағын іліп, түрікмен қалаларында мазарларға шабуылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар