Трамп пен Мадуро кездесуі мүмкін

Дональд Трамп"Мадуро менімен кездескісі келеді. Мен бұған қарсы емеспін, ойластыруға болады" деді.

1440614
Трамп пен Мадуро кездесуі мүмкін

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуроның өзімен кездескісі келгенін білдіріп, "Мадуро менімен кездескісі келеді. Мен бұған қарсы емеспін, ойластыруға болады" деді. 

АҚШ-тың "Axios" телеканалына сұхбат берген Дональд Трамп АҚШ пен Венесуэла арасындағы дағдарысқа тоқталды.

Трамп бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік  мәселесі жөніндегі ақылшысы Джон Болтонның қолдауымен Венесуэлада өзін уақытша президент жариялаған Хуан Гуайдомен ешқандай бір байланысының болмағанын түсіндіріп, "Ол болса да, болмаса да маңызды емес. Бірақ Венесуэлада болған оқиғаларға қарсымын" деген сөздер қолданды. 

Гуайдоның сайланған бір лидер екенін, алайда оған болымды қарамағанын баяндаған Трамп "Оларды кейбіреулер  сүйеді, кейбіреулер сүймейді. Мен үшін екі жақтың да маңызы жоқ" деді. 

Трамп "Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуромен кездесуге қалай қарайсыз?" деген сұраққа орай "Мадуро менімен кездескісі келеді. Мен бұған қарсы емеспін. Ойластыруға болады" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар