Ұлыбританияда шерулер жалғасуда

Ұлыбританияда нәсілшілдікке қарсы 4 апта бұрын басталған шерулер жалғасуда.

1440153
Ұлыбританияда шерулер жалғасуда

Ұлыбританияда нәсілшілдікке қарсы шерулер 4 аптадан бері жалғасуда.

Бас қала Лондандағы Гайд-паркте жиналған шерушілер «Қара нәсілділердің өмірі маңызды», «Әділет жоқ жерде, бейбітшілік жоқ», «Ұлыбритания күнәсіз емес» деп ұрандар тастады.

«Жетеді енді», «Үнсіз отырғаңыздың өзі нәсілшілдік» деп жазылған плакаттарды ұстап шыққан шерушілер үкіметтен жікшілдік  пен нәсілшілдікке қарсы қозғалуын талап етті.

Лондонға қоса Ковентри, Ньюкасл-апон-Тайн және Шотландияның Глазго қалаларында да шерулер ұйымдастырылды.

Америка Құрама Штаттарында афро-американдық Джордж Флойдтың 25 мамыр күні полиция зорлығымен өлтірілуінің артынан басталған нәсілшілдікке қарсы шерулер Ұлыбританияға да тараған болатын.

Полициямен жиі қақтығыстар шыққан шерулерде көптеген адам тергеуге алынып, ондаған полиция да жарақат алды. Сондай-ақ Бристол қаласында бір құл саудагерінің ескерткіші құлатылып, Лондонда бұрынғы премьер-министр Уинстон Черчилльдің ескерткішіне қызыл бояумен «Нәсілшіл еді» деп жазылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар