Шығыс елдерінде коронавирус

Иракта коронавирустың жаңа түрінен соңғы бір күнде 69 адам қайтыс болды

1439725
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 462 мың 691-ден асты.  Вирус жұқтыру оқиғасы 8 миллион 766 мың,  сауығып кеткендер саны 4 миллион 627 мың. 

Қытай Ұлттық денсаулық комитеті елде соңғы бір күнде төртеуі шетелден,  27 Covid-19 оқиға тіркелгенін білдірді. Бұлардың 22-сі бас қала Пекинде кездесті. Осылайша Пекинде 11 маусым күнінен бері анықталған оқиға саны 205-ке жетті. 

280  адам қайтыс болған Оңтүстік Кореяда Аурудың алдын алу және бақылау орталықтарына қарағанда,  елде соңғы 24 сағатта 67 оқиға анықталды. Олардың 31-і шетелден келген. Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтыру оқиғасы 12 мың 373-ке жетті. 

935 адам қайтыс болған Жапонияда Абэ Синдзо үкіметі коронавирус эпидемиясына қарсы жүргізілген саяхатты шектеу шешімінің күшін жойды. 

12 мың 948 адам қайтыс болған Үндістанда Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір тәулікте 14 мың 516 адамда вирус анықтады. Осы ел әлемде вирус жұқтыру оқиғасы жоғары төртінші ел. 

Иракта коронавирустың жаңа түрінен соңғы бір күнде 69 адам қайтыс болды. 1 635 оқиға тіркелді.  

Алжирде Covid-19 себебімен тағы 14 адам қайтыс болды. Осылайша елде өлім-жітім 825, вирус жұқтыру оқиғасы 11 мың 504 болды. 

Қазірге  дейін 9 адам қайтыс болған Иорданияда Денсаулық сақтау министрлігі тағы жеті адамда вирус анықталғанын,  11 адамның сауығып кеткенін хабарлады. 

Мысырда коронавирустан 79 адам қайтыс болды.  Елде қайтыс болғандардың саны жалпы 2 мың 017 , вирус жұқтыру оқиғасы 52 мың 211 болды. 

Африка құрлығында 7 мың 713 адам қайтыс болды.  Коронавирус жұқтыру оқиғасы 288 мыңнан асты. 487 адам қайтыс болған Нигерияда оқиға саны 19 мың 147-ге жетті. Оңтүстік Африкада 1831, Cуданда 506 және Камерунда 282 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар