Ресейдің Ливиядағы ұшақтары анықталды

АҚШ Ресей ұшақтарының Ливияда ұшқанына байланысты дәлелдерді бөлісті.

1438795
Ресейдің Ливиядағы ұшақтары анықталды

АҚШ Ресей ұшақтарының Ливияда ұшқанына байланысты дәлелдерді бөлісті.

АҚШ-тың Африка күштері қолбасшылығы (AFRICOM) бөліскен алғашқы ғарыш суретінде НАТО тарапынан "Spoon Rest" (Қарымжы) аталған орыс "P-18 Terek"  типті ерте ескерту радарының Эль Джуфра әуе базасына орналастырылғанын жариялады.

Қолбасшылық Мәскеудің аталмыш радарларды операция жасаған елдерге жолдайтыны білдірді. 

Екінші ғарыш суретінің орыс ұшақтары Әль Джуфра әуе базасынан ұшқан кезде түсірілгенін білдірген АҚШ-тың Африка күштері қолбасшылығы (AFRICOM) Ливияның Сирте қаласына жақын аймақтарда орыс "MiG-29" ұшақтарының ұшқаны анықталғанын хабарлады.   

АҚШ-тың Африка күштері қолбасшылығы (AFRICOM) тарапынан жарияланған мәлімдемеде:

"Ресейдің ұшқышы бар қарулы ұшақтарын Ливияға жолдауы қазіргі қақтығыстың беталысын өзгертті және ливиялықтарға, әсіресе бейуаздарға бағытталған қауіпті арттырды" делінді.

Ресейдің Африкадағы "Бірінші номерлі қару саудагері" ретінде құрлықтағы қақтығыстардан және тұрақсыздықтан пайдаланғаны білдірілген мәлімдемеде "Орыс үкіметі Wagner сияқты арнайы қауіпсіздік компанияларының қолдауымен Африкадағы 16 елде ат ойнатуда" деп көрсетілді.  



Ұқсас жаңалықтар