АҚШ-та қара нәсілді министр орынбасары отставкаға кетті
АҚШ-тың Заң шығару министрі орынбасары отставкаға кеткенін жариялады.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі Заң шығару министрінің орынбасары Мэри Элизавет Тейлор президент Дональд Трамптың елдегі нәсілшіл дағдарысқа қарсы ұстанымын сынға алып, міндетінен отставкаға кетті.
Вашингтон Пост газеті Трамптың президент болып сайланған күннен бастап, Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған Тейлордың отставкаға кету хатын жариялады.
Тейлор Мемлекеттік хатшы Майк Помпеоға ұсынған хатында «Президенттің нәсілшіл әділетсіздік пен афро-американдықтарға бағытталған жағымсыз ұстанымы негізгі құндылықтарым және нанымыма қарама-қайшы. Сондықтан Сыртқы істер министрлігі Заң шығару министрінің орынбасары қызметінен отставкаға кетуге шешім қабылдадым» деді.
Сыртқы істер министрлігінде аталмыш қызметке тағайындалған алғаш афро-американдық дипломат болу ерекшелігіне ие Тейлор 2017-2018 жылдары арасында Ақ Үйде Заң шығару министрінің арнайы көмекшісі ретінде қызмет атқарды.
Трамп 25 мамыр күні Миннеаполисте афро-американ текті Джордж Флойдтың полиция қорлығымен өлтірілуінің артынан басталған наразылық шерулерінде кейде қатаң мәлімдемелер жасаған еді.
Трамп әсіресе Вашингтон ДС-ге қоса көптеген үлкен қалада қақтығыс пен талан-тараждардың артынан ауыр қауіпсіздік шаралары қабылдауға тапсырма берген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тан Халықаралық сотқа санкция
Дональд Трамп Халықаралық қылмыстық сотқа санкция салу туралы жарлыққа қол қойды.