Талибан шабуылында 12 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанда ұйымдастырған шабуылда 12 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

1437722
Талибан шабуылында 12 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстігіндегі Джузжан уәлаятының Акча ауданындағы жандармерияға  шабуыл жасады. Ұйымдастырылған шабуылда 12 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. 

Джузжан уәлаяты мәлімдемешісі Абдул Маруф Азер жасаған мәлімдемесінде Талибан сарбаздарының Акчаның орталығындағы Балайхисар әскери жандармериясына қарулы шабуыл ұйымдастырғанын айтты. 

Азер шабуылда 12 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқанын және 5 қауіпсіз қызметкерінің жарақат алғанын білдірді.

Шабуылдан кейін шыққан қақтығыста 5 сарбаздың өлтірілгенін және 10 сарбаздың жарақат алғанын түсіндірген Азер қосымша жасақтардың аймаққа жетуімен сарбаздарға қатты соққы берілгенін баяндады.

Талибан осы тақырып жайлы әлі бір мәлімдеме жасаған жоқ. 

 



Ұқсас жаңалықтар