Хафтер сотқа тартылуы керек

Ливия парламенті заңсыз қарулы күштердің лидері Халифе Хафтер және сарбаздарының сотқа тартылуын талап етті.

1436911
Хафтер сотқа тартылуы керек

Ливия парламенті халықаралық ұйымға соғыс қылмыстары тақырыбында міндет атқаруы жайлы үндеу тастап, мемлекеттің шығысындағы заңсыз қарулы күштердің лидері Халифе Хафтер және сарбаздарының сотқа тартылуын талап етті. 

Астана Триполидегі Ливия парламентінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комиссиясы тарапынан жасалған мәлімдемеде Хафтер сарбаздарынан құтқарылған Терхуне қаласындағы соғыс қылмысы саналған топтық мазарлар үшін тергеу жасалуы талап етілді. 

Адам құқығы ұйымдары және Халықаралық жаза сотына жасалған үндеуде "Бұл ұйымдардың соғыс қылмыскері Хафтер секілді топтарды соттауды талап етеміз" делінді. 

Енді бір жағынан Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррельдің офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде топтық мазарлардың табылуы үлкен мазасыздық жаратқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде" Топтық мазарлармен байланысты тәуелсіз бір тергеу жүргізілуі керек" делінді. 

Терхунені 5 маусымда Хафтердің қолынан құтқарған Ливия армиясы қаладағы бір ауруханада 106 мәйіт тапқан және 12 маусымда болса қала маңында  3 топтық мазардың болғанын анықтаған. 

     



    Ұқсас жаңалықтар