Өлім-жітім әлем көлемінде 436 мыңнан асты

Жазылып кеткендер саны болса 4 миллион 148 мыңға жетті.

1435852
Өлім-жітім әлем көлемінде 436 мыңнан асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 436 мыңнан асты. Расталған оқиға саны 8 миллион 28 мың, жазылып кеткендер саны 4 миллион 148 мың болды.

Ең көп адам қайтыс болған Америка Құрама Штаттарында 117 мың 865 адам қайтыс болды, 2 миллион 162 мың 896 адам да Covid-19 вирусы анықталды.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда Covid-19 cалдарынан қайтыс болғандар саны 41 мың 698-ге жетті.

34 мың 345 адам қайтыс болған Италияда Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Covid-19 эпидемиясының артынан 15 маусымның Еуроодақтың жаңадан ашылатын күні екенін атап көрсетті.

Францияда  Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта 9 адамның қайтыс болуымен, өлім-жітім 29 мың 407-ге, вирус жұқтырғандар саны 406-ға көбейіп, 194 мың 625-ге жетті. Франция президенті Эммануэль Макрон 22 маусым күнінен бастап бала бақшалар мен бастауыш мектептерге қоса барлық оқу орындарының қайтадан ашылатынын атап көрсетті.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 1 аптада қайтыс болғандар санын 26 деп жариялады. Қайтыс болғандардың жалпы саны 27 мың 136. Жаңа оқиға саны 48 болған елде вирусты жұқтырғандар саны 243 мың 928.

Португалияда Сovid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қаза тапқан 5 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны мың 517-ге, оқиға саны 227-ге көбейіп, 36 мың 690-ға жетті.

Бразилияда соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 43 мың 389, оқиға саны да 867 мың 882 болды.

Мексикада қайтыс болғандар саны 17 мың 141, оқиға саны 146 мың 837-ге жетті.

Сovid-19 салдарынан қазірге дейін Бельгияда 9 мың 661, Германияда 8 мың 870, Канада да 8 мың 146, Перуде 6 мың 688, Швецияда 4 мың 874, Чилиде 3 мың 323 және Коломбияда мың 667 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар