Меркель мен Си Цзиньпин видеоконференция арқылы сөйлесті

Германия премьер-миниистрі Ангела Меркель Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен видеоконференция арқылы сөйлесті.

1434647
Меркель мен Си Цзиньпин видеоконференция арқылы сөйлесті

Германия премьер-миниистрі Ангела Меркель Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен видеоконференция арқылы сөйлесті. Сөйлесуде екі лидер экономика, сауда және халықаралық тақырыптарды қолға алды. 

Сөйлесу барысында Меркель Германияның принципке негізделген және көп жақты еркін экономикаға, Әлем сауда ұйымының күшейтілуіне және екі жақтың тұрақты  қарым-қатынасына көңіл бөлгенін білдірді. Меркель сонымен қатар нарыққа жету және шетелдік фирмаларға тең қарау тарықырыптарында белсенді қадамдар басу керектігін атап өтті. 

Меркель осы аяда Еуропа Одағы мен Қытай арасында қол қойылуы көзделген бір инвестиция келісімінің өте маңызды екенін айтты. 

Видеоконференцияда жаңа коронавирус індетімен күресудегі ынтымақтастық, адам құқықтары тақырыптары және Гонконгтың жағдайы да қолға алынды. 

Видеоконференция қарсаңында тараптар үш келісімге қол қойды. 

 



Ұқсас жаңалықтар