Францияда нәсілшілдікке қарсы шерулер жалғасты
Парижге қоса Лион, Лилль, Дижон, Кан қалаларында нәсілшілдік және полиция қорлығы протест етілді.

Францияның бас қаласы Парижге қоса Лион, Лилль, Дижон, Кан (Кальвадос) сияқты қалаларында нәсілшілдік және полиция қорлығына қарсы шерулер ұйымдастырылды.
Париждің Republique алаңында жиналған шерушілер нәсілшілдікке қарсы қолдарында плакаттар ұстап, ұрандар тастады.
Шерушілер АҚШ-та полицияның қатыгездігінен қайтыс болған Джордж Флойдты 8 минут 46 секунд бойынша тізелеріне отырып еске алды.
Шеруге радикал солшылдардың Бас имеген Франция қозғалысы (LFI) басшысы Жан-Лук Меленкон және кейбір депутаттар да қатысты.
АҚШ-тың Миннесота штатында 25 мамыр күнгі оқиғада Африка текті американдық Джордж Флойдты тергеуге алу барысында «Дем ала алмаймын» деп айқайлағанына қарамастан полиция мойынына қатты басып өліміне жол ашқан еді.
Сол күннен бері АҚШ-тың түкпір-түкпірінде басталған және кейде қақтығыстарға айналған шерулер жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар

Румыния президенті импичментті болдырмау үшін отставкаға кетті
Сенат спикері Илие Боложан мамырдағы сайлауға дейін уақытша президент қызметін атқарады.