Байден нәсілшілдік жайлы мәлімдеме жасады
Джо Байден полицияның қорлығымен өлтірілген Африка текті америкалық Джордж Флойдтың нәсілшілдік тақырыбында "Әлемді өзгертетінін" айтты.

Америка Құрама Штаттарында Демократ партиясының президент үміткері және президенттің бұрынғы орынбасары Джо Байден полицияның қорлығымен өлтірілген Африка текті америкалық Джордж Флойдтың нәсілшілдік тақырыбында "Әлемді өзгертетінін" айтты.
Джо Байден Техас штатының Хьюстон қаласында Флойдтың отбасына барғаннан кейін CBS телеарнасына мәлімдеме жасады.
Флойдтың аянышты өлімінің бір өзгеріс бастайтынын білдірген Байден:
"Джордж Флойд әлемді өзгертеді. Аталмыш оқиға Америка тарихында азаматтық еркіндік пен құқықтар тақырыбындағы үлкен бұрылыс кезеңдерінің бірі болады" деді.
Екі аптадан бергі протесттердегі полиция реформасы талабына байланысты Байден полиция басқармаларының қаржы көзін тосуды қаламайтындарын, алайда полиция ұйымына негіздік мәртебелерді орындаса, қаржы мүмкіндіктерінің берілуі керектігін айтты.
Миннесота штатында 25 мамыр күн болған оқиғада Африка текті американдық Джордж Флойдты тергеуге алу кезінде «Тынысым тарайып барады» деп айқайлағанына қарамастан полиция оның желкесінен басқан аяғын тартпай, өліміне себеп болған еді.
Миннесота штатында осы оқиғадан кейін ел көлемінде екі аптадан бері протест шерулері өтіп, полиция реформалары талап етілуде.