Әлемде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 406 мың 343-тен асты.

1431499
Әлемде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 406 мың 343-тен асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 7 миллион 102 мың 965-тен,  сауығып кеткендердің саны 3 миллион 466 мыңнан асты. 

Америка Құрама Штаттары ең көп оқиға тіркелген және адам өлімі болған ел болды.  Елде эпидемиядан 112 мың 469 адам қайтыс болды.  2 миллион 7 мың 449 адамда вирус анықталды. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда 77 адам қайтыс болып,  қайтыс болғандардың жалпы саны 40 мың 542-ге жетті.  286 мың 194 адамда вирус анықталды.  

Италияда Covid-19 салдарынан бір күнде 53 адам қайтыс болды. Коронавирус жұққан адам саны 234 мың 998 болды.  Жедел қамдау комиссары Доменика Аркури Covid-19 төтенше жағдайының аяқталмағанын, тек вакцина табылғанда бітетінін айтты. 

Францияда эпидемия салдарынан бір күнде 13 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 29 мың 155-ке жетті.  

Бразилияда соңғы бір күнде 1382 адам қайтыс болды. Жалпы 37 мың 312 адам қайтыс болды.  Елдегі оқиға саны да 12 мың 581 артып, 685 мың 427-ге жетті. 

Мексикада соңғы 24 сағатта коронавирустан 188 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандар саны 13 мың 699-ға жетті. Елде 117 мың 103 адам вирус жұқтырған. 

Канадада вирустан қайтыс болғандар саны 7 мың 859-ға, оқиға саны да 96 мың 462-ге жетті. Кейбір елдерде коронавирустан қайтыс болғандар саны төмендегідей: 

Испания 27 136, Бельгия 9 595, Германия 8 776, Перу 5 465, Чили 2 190.



Ұқсас жаңалықтар