Ресей Каир декларациясын қолдағанын мәлімдеді

Ресей Ливия тақырыбында қол қойылған Каир декларациясын қолдағанын жариялады.

1430858
Ресей Каир декларациясын қолдағанын мәлімдеді

Ресей Ливия тақырыбында қол қойылған Каир декларациясын қолдағанын жариялады.

Ресей президенті Владимир Путиннің Таяу Шығыс пен Африка елдері жауапты арнайы өкілі Михаил Богданов Ливияның шығысындағы көтерілісшіл Халифа Хафтерге қарасты қарулы топтардың майданда бірінен соң бірі жеңілістерге ұшырауының артынан жарияланған Каир декларациясын қолдағандарын мәлімдеді.

Богданов РИА новости хабар агенттігіне Мысыр президенті Абдулфеттах эс-Сисидің Хафтер және саяси одақтасы Тобрук Өкілдер Мәжілісі төрағасы Акиле Салихтің Ливияға бағытталған саяси бастамасы негізінде 8 маусым күні ел көлемінде жариялауға дайындалған бітімге шақыру жайлы мәлімдеме жасады. Богданов «Мысыр президентінің мазмұнын тыңдадық, әлбетте Ливияда тез арада қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған әртүрлі ұсынысты қабылдаймыз» деді.

АҚШ-тың Ливиядағы Өкілетті елшілігі де Каир декларациясын ризашылықпен қарсы алғандарын жариялады. Сауд Арабиясы, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктері және Араб Одағы да декларация қолдағандарын жариялады.

Ливия армиясының Халифа Хафтерге қарасты қарулы топтарға бірінен соң бірі стратегиялық және табысты операцияларының артынан Хафтер мен одақтастары кеше Мысырдың бас қаласы Каирде жиналған еді.

Келіссөздердің артынан Мысыр президенті Абдүлфеттах эс-Сиси Хафтер мен саяси одақтасы Салихпен бірге ортақ баспасөз мәслихаты ұйымдастырып, «Каир декларациясы» атымен бір құжат жариялады.

Сиси баспасөз жиналысындағы мәлімдемесінде «Хафтер және Салихпен Ливиядағы қақтығыстың тоқтату үшін саяси бір бастама жасау тақырыбында ортақ көзқарасқа келдік. Бұл бастама аясында 8 маусым күнінен бастап, ел көлемінде бітім жариялаймыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар