Вакцинаны өндіре бастады

AstraZeneca компаниясы коронавирустың жаңа түріне қарсы жетілдірілген вакцинаның өндірісін бастайтындарын білдірді.

1430387
Вакцинаны өндіре бастады

Орталығы Ұлыбританияның Кембридж қаласында болып табылатын AstraZeneca компаниясы коронавирустың жаңа түріне қарсы жетілдірілген вакцинаның өндірісін бастайтындарын білдірді.

BBC-ге мәлімдеме жасаған AstraZeneca компаниясының басшысы Паскал Сориот вакцинаның сынағының жүріп жатқанына қарамастан өндірілетінін айтты. Ол вакцина өндіруде жылдам болу керектігін атап: “Қазір вакцинаның өндірісін бастаймыз. Нәтижесі келгенде вакцина дайын болуы керек” деді. Ол компаниясының Covid-19-ға қарсы екі миллиард доза вакцина өндіре алатынын айтты. “Осы өндіруге байланысты шешім әрине вакцинаның табыссыз болуы жағдайында қаржылай риск алып келеді.  Табыссыз болса өндірілген дозалар босқа кетеді” деді ол. 



Ұқсас жаңалықтар