Түркия мен Ресей ынтымақтастығы табысты

Ресей Түркиямен көп салалы ынтымақтастықтың маңызды табыстары болғанын білдірді.

1429708
Түркия мен Ресей ынтымақтастығы табысты

Ресей Түркиямен көп салалы ынтымақтастықтың маңызды табыстары болғанын білдірді. 

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова баспасөз мәслихатында АҚШ Сыртқы істер министрлігінің лауазымдысы Маттео Палмердің Түркияның Ресеймен ынтымақтастықты бекемдеу және кеңейту талабынан Вашингтонның алаңдап отырғанына байланысты мәлімдемесін бағаландырды.

Мария Захарова:

"Түркиямен көп салалы ынтымақтастығымыздың нәтижелері өзара мүддені негіз еткен, қысымсыз және зорлықсыз өзара құрмет көлеміндегі қарым-қатынастар құру жолымен мүмкін болды" деп көрсетті.

Вашингтонда "өзара құрмет" сөзінің мағынасы ұмытылғанын айтқан Захарова Түркия мен Ресей арасындағы көп салалы екі жақтылы қарым-қатынастардың өнеге болатынын тілге тиек етті. 

Сириядағы жағдайды да бағаландырған Захарова Идлиб Дағдарысын азайту аймағында атысты тоқтату келісімі атқарылғанын және түрік-орыс ортақ әскери бақылауының жалғасып жатқанын ескертті.     



Ұқсас жаңалықтар