Меркель нәсілшілдікке қарсы екенін айтты

Хорст Сехофер: "Ұшқары оңшылдық қазіргі демократиялық еліміз үшін ең үлкен қауіп" деген бағаландыру жасады.

1429734
Меркель нәсілшілдікке қарсы екенін айтты

Германия премьер-министрі Ангела Меркель:

"Нәсілшілдік тарихтан бері жалғасып келеді. Өкінішке орай, Германияда да бар. Сол себепті алдымен өз ішімізді тазалауымыз керек" деді.

Мемлекеттік ZDF телеарнасына қонақ болған Меркель Джордж Флойдтың АҚШ-та полицияның қинауымен өлтірілуінен кейін жалғасып жатқан протесттерге тоқталып:

"Джордж Флойдтың өлтірілуі қатты нашар жағдай. Нәсілшілдік өте нашар нәрсе. АҚШ қоғамы тым жекеленді. Менің саяси көзқарасым қоғамды бірлестіруді, бірге болуды негіз етеді" деп көрсетті.

Меркель нәсілшілдіктің елінде ескерусіз қалмауын сұрады. 

"Нәсілшілдік тарихтан бері жалғасып келеді. Өкінішке орай, Германияда да бар. Сол себепті алдымен өз ішімізді тазалауымыз керек" деді Ангела Меркель.

Неміс хабар агенттігі DPA-ның Ішкі істер министрлігіне сілтеме берген хабарында 2019 жылы 30 мыңнан астам адамның ұшқары оңшыл ретінде анықталғаны білдірілді. 

Хабарда 2018 жылы хабар алу ұйымдары рапортында 24 мың 100 кісі деп тіркелген ұшқары оңшыл саны өткен жылы 30 пайыздан астам артқаны атап көрсетілді.

Германия Федерал Ішкі істер министрі Хорст Сехофер неміс баспасөзіне жасаған мәлімдемесінде:

"Ұшқары оңшылдық қазіргі демократиялық еліміз үшін ең үлкен қауіп" деген бағаландыру жасаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар