Флойдты өлтірген полиция екінші дәрежеден сотталады

Ол 8 маусым күні сот алдына шығады.

1429082
Флойдты өлтірген полиция екінші дәрежеден сотталады

Америка Құрама Штаттарында Африка текті Джордж Флойдтың Миннесота штатында полицияның қорлығы нәтижесінде өлімінен кейін басталған наразылықтар он күннен бері жалғасуда. Әкімшіліктің шерушілерге жауабының қатаятыны айтылды. 

Қорғаныс министрі Марк Эспер күндіз жарияланған “Вашингтон DC маңындағы базаларға шара ретінде орналастырылған әскерлерді әкету” шешімін кері қайтарды. Қорғаныс лауазым иелері Вашингтон аймағына жеткізілген 1 600 әскердің кеше кештен бастап өз базаларына оралатынын білдірген болатын. 

Алайда қысқа уақыттан кейін Құрлық күштері бас хатшысы министр Эспердің әскер әкету шешімін кері қайтарғанын айтты. 

Ақ Үй баспасөз хатшысы президент Дональд Трамптың қажетті деп санаса,  наразылық акцияларына қарсы әскери күш қолданудың жолын ашатын Көтеріліс заңын орындайтынын айтты. Баспасөз хатшысы Атазаңның азаматтарға сөз бостандығын беретін біріншіші қосымша бабын меңзеп: “Бірінші қосымша бап ешкімге талан-тараж, ғимараттарды қирату,  тауарларды бүлдіру,  азаматтар мен полицияға қарсы шығу құқығын бермейді, осы бап адамдарға бейбіт түрде жиналу құқығын береді” деді. 

Сонымен қатар Флойдты қамауға алу барысында өлтірген полиция қызметкеріне деген айыптаудың дәрежесінің арттырылатыны және оның екінші дәреже адам өлтіруден сотталатыны білдірілді. 

Миннесота штаты бас прокуроры полиция қызметкерінің екінші дәрежеден сотталуына шешім берді.  Ол 8 маусым күні сот алдына шығады. Оқиға орнында болған үш полиция қызметкерінің де адам өлтіруге көмектескені үшін сотталатыны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар