Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны 380 мыңнан асты.

1428409
Кейбір елдерде коронавирус көрсеткіштері

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны 380 мыңнан асты.  Оқиға саны 6 миллион 445 болды.  Сауығып кеткендердің саны болса үш миллион шамасында. 

Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында соңғы 24 сағатта тағы бес кісінің коронавирустан қайтыс болғаны айтылды.  Жаңа бес оқиға тіркелді. Осылайша елде өлім-жітім 290, оқиға саны да 17 мың 285 болды.  Covid-19 себебімен жабылған мектептерде білім қайта басталып, мейрамхана мен сауда орталықтары ашылған болатын.  Оқушы және мұғалімдерде қайтадан вирус шығып, 31 мектеп қайта жабылды. 

71 адам қайтыс болған Әзербайжанда 273 адамда вирус анықталды. 

Молдовада 307 адам қайтыс болды, Соңғы бір күнде 188 адамда вирус анықталды. Олардың 17-сі - медицина қызметкерлері. 

Тәжікстанда болса 47 адам қайтыс болды.  Соңғы 24 сағатта оқиға саны 87 артып,  барлығы 4 мың 100-ге жетті. 

Өзбестанда 15 адам қайтыс болды. 3 мың 759 адам вирус жұқтырған. Осы арада Оңтүстік Корея коронавируспен күрес шеңберінде Өзбекстанға медициналық материал және дәріден тұратын 9 жарым тонналық гуманитарлық көмек жолдады. 

41 адам қайтыс болған Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда,  Covid-19-дан сауығып кеткендердің саны 5 мың 941ге жетті.  Елде оқиға саны 11 мың 571 ретінде тіркелді. 

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу наурыз айының басынан бері армияда шамамен 6 мың 500 кісінің вирус жұқтырғанын,  бұлардың 4 мың 300-інен астамының сауығып кеткенін білдірді. Ресей Патриархтығы да 6 маусымнан бастап шіркеулердің ашылуына шешім берді. 

Иракта соңғы бір күнде 20 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың жалпы саны 235-ке жетті.  Осы мерзімде 519 адамда вирус анықталып, вирус жұқтырған саны 7 мың 387ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар