Еуропа елдерінде коронавирус

Жаңа типтегі коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 373 мыңнан асты.

1427600
Еуропа елдерінде коронавирус

Жаңа типтегі коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны әлем көлемінде 373 мыңнан асты.  Оқиға саны 6 миллион 333 мыңға жетті. Сауығып кеткендер саны да 2 миллион 885 мың. 

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда Covid-19-дан бір күнде 111 адам қайтыс болды.  Қайтыс болғандардың саны 39 мың 045-ке жетті.  Бір күнде 1 570 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандардың саны 276 мың 332-ге жетті. 

Италияда соңғы 24 сағатта коронавирустан 60 кісі қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 33 мың 475-ке жетті. 

Covid-19 жұқтырғандардың саны 233 мың 197 болды.  Италия ертең шекарасын Еуропа Одағы елдеріне ашуға дайындалуда. 

Францияда эпидемиядан соңғы бір күнде ауруханаларда 31 адам қайтыс болды.  Осылайша қайтыс болғандардың жалпы саны 28 мың 833-ке жетті.  Вирус анықталған адам саны 226 мың 831 болды. 

Францияда сақтық шаралары жеңілдетіліп,  ел көлемінде кафе, бар,  мейрамханалар бүгін ашылады. Париж тысындағы қалаларда бассейн,  спорт және театр залдары да ашылады. Ал кинотеатрлар болса 22 маусым күні қызметке ашылады. 

Испания Денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағатта коронавирустан ешкімнің қайтыс болмағанын білдірді.  Жаңа оқиға саны 71. Елде індет шарықтау шегіне жеткен 2 сәуір күні 950 адам қайтыс болған,  8 мыңнан астам оқиға тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар