Әлем көлемінде өлім-жітім 360 мыңнан асты

Жазылып кеткендер саны болса 2 миллион 540 мың болды.

1425320
Әлем көлемінде өлім-жітім 360 мыңнан асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 360 мың, расталған оқиға саны да 5 миллион 860 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны болса 2 миллион 540 мың болды.

102 мыңнан астам қайтыс болған адам санымен эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та Нью-Йорк қаласы муниципалитеті Билл де Бласио келесі айдың алғашқы немесе екінші аптасы алдымен кәсіпорындарды ашуға дайындалғандарын білдірді.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 377-ге көбейіп, 37 мың 887-ге жетті.

Италияда коронавирус салдарынан бір күнде 70 адам қайтыс болды.  Өлім-жітімнің жалпы саны 33 мың 142-ге жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы болса 593 артты.  Жалпы саны 231 мың 732-ге жетті. 

Францияда коронавирус себебімен соңғы 24 сағатта ауруханаларда 66 адам қайтыс болды.  Осылайша өлім-жітім 28 мың 662-ге жетті. Вирус анықталған адам саны 3 мың 325-ке көбейіп, 223 мың 473 болды. Ұлттық мәжіліс Covid-19-бен күрес шеңберінде науқастар және олармен байланыста болғандардың цифрлық бақылауға алуды мақсат еткен ақылды телефон қосымшасының қолданылуын бекітті. 

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан соңғы бір күнде бір кісінің қайтыс болғанын,  өлім-жітімнің 27 мың 119-ға жеткенін білдірді.  Вирус жұқтыру оқиғасы да 237 мың 906-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар