Вакцина сынақтары Кенияда жүргізіледі

Оксфорд Университеті жетілдірген коронавирус вакцинасы Африкада Кенияда ересек азаматтарда сыналады.

1424531
Вакцина сынақтары Кенияда жүргізіледі

Оксфорд Университеті жетілдірген коронавирус вакцинасы Африкада Кенияда ересек азаматтарда сыналады. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының халықаралық клиникалық зерттеулер тіркелген платформасында айтылғанына қарағанда,  Кенияда 18 жастан үлкен 400 адамда жаңа вакцина сыналады. 

Кения Медициналық зерттеу институтының да қолдауымен сынақ жұмыстары шамамен екі жыл жалғасады. Вакцина бағдарламасына дені сау дәрігер, медбике және медициналық қызметкерлер ерікті түрде қатысады. 

Кения мемлекет басшысы Ухуру Кениатта өткен ай кениялықтардың вакцина сынақтарында қолданылмайтынын хабарлаған еді. Үкіметтің осы бағдарламаға рұқсат беріп бермегені әлі белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар